«Батыс өңірлерде, сондай-ақ Ресей Федерациясының Қазақстан аумағымен шекаралас облыстарында ауа-райының нашарлауына (көктайғақ, қар көшкіні) байланысты «Тәжен» өткізу пунктінде (ҚР) жүк көлік құралдарының (шамамен 150 автомашина) кептелісі байқалуда. Осыған ұқсас жағдай Өзбекстан Республикасының іргелес «Дәуіт ата» өткізу пунктінде де орын алды (шамамен 200 автомашина)», делінген хабарламада.
Шекара қызметі жүк көлік құралдарының, әсіресе тез бұзылатын өнімді тасымалдайтын жүргізушілерден көрсетілген өткізу пункттерінде шекараны кесіп өтуді жоспарлау кезінде осы жағдайларды ескеруін сұрайды.
«Шекара қызметі шекаралық рәсімдерді жеделдету бойынша шаралар қабылдауда», делінген хабарламада.