Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің 17 жауынгерін еске алуға арналған Қазақстан Республикасы Кубогы үшін қоян-қолтық ұрыс бойынша жарыс өтеді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне мәлім етті.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Тәжікстан шекарасын қару-жарақ пен есірткі дәлізіне айналдырмақ болған қарулы топтарға батыл тосқауыл қойған қазақстандық батальон жауынгерлерінің ерлігі ел есінде. 1995 жылдың 7 сәуірі - Ішкі әскерлер тарихына өшпес із қалдырған өлшеусіз ерліктің күні болып саналады. Дәл осы күні тұтқиылдан тап берген жаумен болған қанды ұрыста ішкі әскердің 17 жауынгері қаза болды. Олар қыршын кетсе де, ақтық демі қалғанша арпалысып, ел намысын бермеді. Биылғы жылдың 7 сәуірі күні сол сұм шайқастың болғанына он жеті жыл толды.
Елдің атын ер шығарады дейді қазақ халқы. Жауынгерлердің ерлігін бауырлас Тәжікстан халқа да біледі, құрмет тұтады. Осының айғағы ретінде 2007 жылдың желтоқсанында Душанбе қаласында мәрмәр тасты парақтарына қаза болған ерлеріміздің есімі қашап жазылған Монументтің ашылғанын айтуға болады. 2009 жылдың сәуір айында Астана қаласындағы Отан қорғаушылар алаңында 17 жауынгердің атына Естелік аллеясы ашылды. Осы алаңда жыл сайын жас сарбаздардың Отанға ант беру салтанатын өткізу дәстүрге айналды.
Олардың есімдері еліміздегі көшелер мен саябақтарға берілді, әскери бөлімдерде ескерткіштер ашылды. Бұл оқиға туралы естелік кітабы жарыққа шықты және «Казбат» деректі фильмі түсірілді.
Әскерде жыл сайын 17 жауынгердің рухына арналған қоян-қолтық ұрыс бойынша Біріншілік өткізу дәстүрге айналды. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысы генерал-майор Руслан Жақсылықовтың сондай-ақ Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Қазақстан Республикасының қоян-қолтық ұрыс бойынша Федерациясының бастамасымен тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің 17 жауынгерін еске алуға арналған Қазақстан Республикасының қоян-қолтық ұрыс бойынша Кубогі жарысы алғашқы рет республика деңгейінде өткелі отыр.
Жарыстың басты мақсаты салауатты өмір салтын, спорттың әскери қолданбалы түрі ретінде қоян-қолтық үрысты күш-құрылымдар мен жастар арасында насихаттау, жекпе-жектік күреске жастарды үнемі баулу болып табылады.
Жарысқа өздерінің қатысатындықтары туралы еліміздің әр аймағынан, күш-құрылымдар мен әскери құрылымдардан 17 команда ниет білдірді. Олар Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі әскерлер комитетінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Президент күзет Қызметінің, Республикалық ұланның, Шекара қызметінің, Кедендік бақылау комитетінің, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің, Астана және Алматы қалаларының, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының командалары.
Күрес алаңына 150-ден аса қоян-қолтық ұрыс шеберлері шығып, 9 салмақтық дәрежелерде белдеседі - 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90, 90 келі және одан жоғары.
Жарыс Ішкі әскердің елордалық 5570 әскери бөлімінің спорттық-сауықтыру кешенінің негізінде өтеді.
Қазақстан Республикасының қоян-қолтық ұрыс бойынша Кубогінің салтанатты ашылуы 2012 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 15.00-де өтеді.
Жарыстың ашылу салтанатына еліміздің күш-құрылымдарының бірінші басшылары, Парламент депутаттары, спорт комитеттерінің басшылары, республикалық жекпе-жек күресі бойынша спорт ұйымдары мен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысады.
2012 жылдың 6 қыркүйегінде сағат 12.00-де әртүрлі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Жеңімпаздар командалық орындар мен жеке біріншіліктерде анықталады.
Жеңімпаз атанған командаларға Кубоктар мен дипломдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының атынан бағалы сыйлықтар тапсырылады. Қоян-қолтық ұрыстың чемпиондарына - Кубоктар, медальдар мен Дипломдар тапсырылады.
Қазақстан Республикасының қоян-қолтық ұрыс бойынша Кубогінің Бағдарламасы:
13 қыркүйек
09.00-17.00 - жарысқа қатысушылардың келуі, орналасуы, мандаттық комиссия, өлшеу және медициналық бақылау, аккредитациялау.
17.00-20.00 - Бас төрешіліктің алқалық отырысы, барлық салмақ түрінен қатысушылардың арасындағы жребий.
14 қыркүйек
10.00-14.00 - жарыстың бірінші кезеңі.
15.00-15.30 - жарыстың салтанатты ашылуы.
15.30-19.00 - алдын-ала өтетін үрыстар.
15 қыркүйек
10.00-14.00 - алдын-ала өтетін үрыстар.
15.00-19.00 - жартылай финалға дейінгі алдын-ала өтетін ұрыстар.
16 қыркүйек
10.00-11.30 - жартылай финалдық және финалдық ұрыстар.
12.00 - жеңімпаздарды марапаттау рәсімі, жарыстың жабылуы, қатысушылардың қайтуы.