Тәжік тарапымен шекарадағы жағдай бойынша келіссөздер нәтижелі жүріп жатыр - Разаков

Фото: None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғызстанның вице-премьер-министрі Жениш Разаков пен Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары Азим Иброхим Қырғызстан-Тәжікстан мемлекеттік шекарасы аумағындағы жағдай бойынша келіссөздер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Келіссөздер өзаратүсіністік, бауырластық және ынтымақтастық негізде өтті, деп хабарладыҚырғызстан үкіметінің аппараты ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.

Келіссөздербарысында тараптар Баткен-Исфана, Исфара-Ворух тасжолдарын ашу бойыншакеліссөздерге қол жеткізді.

«Біз тәжік тарапыменшекара аумағындағы жағдайды реттеу бойынша нәтижелі келіссөздер жүргіздік.Тараптар жағдайды тұрақтандыру және қарбаластықты жою мақсатында Баткен-Исфана,Исфара-Ворух тасжолдарын ашу бойынша келіссөздерге қол жеткізді. Жолдарды бүгінтаңертең ашты. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар арасында заңсыз әрекеттерге жолбермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Баткен және Соғды облыстық ӘӘБқызметкерлерімен бірлескен қосымша патрульдеу қойылды. Бұдан бөлек, шекарааумағындағы елді мекендерді патруль бақылайды», - деді Жениш Разаков.

Жауапты қызметтерштаттық режімде жұмыс істеуде. Тараптар келіссөздер жүргізуді жалғастырып,жағдай бойынша деректер алмасып жатыр.


Еске сала кетсек, бұдан бұрын қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс туындады, жанжалға Ворух (Тәжікстан Республикасы) ауылындағы тұрғындардың елді мекеннің кіре берісіне флагшток орнатуы себеп болғандығы хабарланған болатын. Ал, қырғыз-тәжік шекарасындағы атыс тоқтап, жағдай тұрақтала бастағандығы мәлімделді.

Атыс болған учаскедегі шекаралық бөлімшелер күшейтілген қызмет режіміне көшірілген. Сондай-ақ , кеше шекара маңында тұратын халықпен түсіндіру жұмыстарын өткізу кезінде Тәжікстан тарапынан Қырғызстан азаматына екі рет оқ атылған. Соның салдарынан ҚР Шекара қызметінің әскери қызметкері жараланды.

Соңғы жаңалықтар