Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 75-тен 100 доллар, заңды тұлғалар немесе шенеуніктер үшін 150-ден 200 долларға дейінді құрайды. Айыппұлдар жергілікті валютамен есептеледі.
Тіл комитетінің басшысы Гавхар Шарифзоданың хабарлауынша, журналистер бейтаныс сөздерді жиі қолданатын болған. Сарапшы тілтанушы Наима Мукимзоданың пікірінше, Тәжікстан БАҚ-та парсы сөздері мен осы тіл терминологиясын жиі қолданады.
«Кей журналистер өз материалдарында мұндай 10-ға жуық сөздерді қолданады. Ол қарапайым оқырманға, тыңдаушыға, көрерменге түсініксіз. Бұл ретте мемлекеттік тіл нормасы өрескел бұзылуда. Бізде грамматика, емле ережесі, сақтауға міндетті мемлекеттік тіл нормасының талаптары бар», - деп мәлімдеді комитет төрағасы.
Комитетте бұзушылықты анықтау мақсатында телехабарлар қарап, радио бағдарламаларды тыңдайтын, газеттер оқитын арнайы топ құрылады.
Комитет шенеуніктері тәжік тілі нормаларын сақтау маңыздылығы туралы мәселені талқылау үшін барлық мемлекеттік және жеке БАҚ басшылығымен кездесуге ниетті.
Еске сала кетсек, сәуірдің соңында Тәжікстан билігі орыс тілінде әкесінің аты мен тегін тіркеуге ресми тыйым салды.