Тәжікстан мен Ауғанстандағы жер сілкінісінің дүмпулері Қазақстанда байқалды

ТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Тәжікстан мен Ауғанстан мемлекеттерінің аумағында жер сілкінді, жерасты дүмпулері Қазақстанда сезілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмикалық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылдың 7 қарашасы күні, сағат 18.10-да жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың кіндігі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 812 шақырым жерде, Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасының аумағында орналасты. MSK-64 бағаны бойынша 2-3 балл қуатпен жерасты дүмпулері Шымкент және Тараз қалаларында байқалды. Құрбандар мен қираулар туралы мәліметтер жоқ», - делінген таратылған хабарламада.