Бұл туралы ВВС хабарлады.
Жұқпалы індет Бадахшан провинциясының екі елді мекенінде басталған көрінеді.
Ауғаныстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тырысқақты 2 мыңға жуық адам жұқтырған.
Тәжікстан денсаулық сақтау ведомствосының шешімі бойынша Ишкашим, Хорог және Дарваздағы қадағалау-өткізу бекетінің қызметтері уақытша тоқтатылды. Өңірге шұғыл түрде тәжікстандық дәрігерлер барып, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.