«Жұмыс күшін жіберу мақсатында Кувейт, Қатар, БАӘ елдерінің еңбек нарықтарының мүмкіндіктері зерттеліп, талданды және аталмыш елдермен осы бағытта қажетті келісім жобалары әзірленді», - деп хабарлады Тәжікстанның Еңбек, көші-қон және жұмыспен қамту министрі Сумангүл Тагойзода Душанбеде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Оңтүстік Кореяның еңбек нарығы зерттеліп, осы елмен ынтымақтастық туралы құжаттың жобасы жасалған.
Ол жалпы тәжік мигранттарының 97,6%-ы (237 мың) биыл Ресейге кеткенін, ал 2,3%-ы (5,7 мың) Қазақстанға жол тартқанын атап өтті.