Тәжікстан премьері бірінші орынбасары ұлының кінәсінен 2 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Давлатали Саидовтың ұлы - 23 жастағы Фируз Саидов жасаған жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады ТәжікТА.

«10 қыркүйек күні Фируз Саидов өзінің Toyota Camry маркалы автокөлігімен қалалық коммуналдық қызмет автокөлігімен соқтығысты, салдарынан екі адам көз жұмды», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, жол-көлік апатынан 25 жастағы қала тұрғыны мен 30 жастағы қалалық коммуналдық қызмет қызметкері қаза тапты.

Апатқа кінәлі болған шенеуніктің ұлы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.