Тәжікстан президенті бульдозер жүргізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанда Вахш өзеніндегі Рогун су электр станциясының құрылысы ресми түрде басталды. Салтанатты шараға ел президенті Эмомали Рахмон қатысты, ол бульдозер рөліне отырып, өзен арнасын бұрып, су қоймасын жасау үшін бір жарым сағат бойы қиыршық тас төкті, деп хабарлады kabar.kg.

«Ата-бабаларымыздың игі дәстүрін жалғай отырып, көршілерімізді ешқашан сусыз қалдырмайтынымызды толық жауапкершілікпен мәлімдеймін», - деді тәжік көшбасшысы салтанатты жиында.

Сонымен бірге, Тәжікстан басшысы нысанның өзен сағасы елдеріндегі пайдаланатын жерлерді суландыруды да жүзеге асыратынын хабарлады. Бізге белгілі болғандай, Өзбекстан Рогун ГЭС құрылысына түбегейлі қарсы, олар сейсмикалық қауіпті аймақтағы тоғанның Әмудария сағасындағы халыққа қауіпті екенін және су қоймасы құрылысынан егін суаруға су жетпей қалатынын айтуда. 1 шілде күні Тәжікстан үкіметі италиялық Salini Impregilo S.p.A. компаниясымен құны 3,9 млрд. доллар болатын шектелмелі келісімге қол қойды. Алғашқы екі турбинаны іске қосу 2018 жылдың екінші жартысына жоспарланған. Тоған құрылысы 1987 жылы басталған еді, алайда КСРО ыдырауымен жоба тоқтап қалған. Тәжікстан билігі табанды түрде су қоймасын салып бітіруге тырысуда. Егер жоба жүзеге асса, әлемдегі ең биік (335 м) тоған болады және оның іске қосылуы елдегі энергияның жетіспеушілігі мәселесін шеше алады.