Тәжікстан Президенті Э. Рахмон ЕҚЫҰ Саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Желтоқсанның 1-2-сі күндері Астанада өтетін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммитіне қатысу үшін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бүгін Астанаға келді.

Осыдан бірнеше минуттар бұрын Тәжікстан Президентінің ұшағы Астана әуежайына қонды. Мәртебелі мейманды және тәжік делегациясын «Астана» халықаралық әуежайында Саммиттің атқаруына жауапты еліміздің бірқатар лауазымды тұлғалары күтіп алды.