Тәжікстан Президенті қамаудағы 10 мың адамды босатты

АСТАНА. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон рақымшылық туралы заңға қол қойды және осы құжатқа сәйкес 10 мыңға жуық қамаудағылар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Рақымшылыққа Тәжікстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығы, сондай-ақ елде Ұлы имам Абу Ханифаны Еске түсіру жылы  жариялануы негіз болды. Президент бастамашы болған заң жобасын республика парламентінің төменгі палатасы бір ауыздан қолдады.