Министр Тәжікстан Республикасының басшысы Эмомали Рахмонның атынан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Абай облысында ауқымды орман өрті салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айту телеграммасын берді.
«Қазақстанның шығысындағы Абай облысында адамдарды құрбан еткен ауқымды өрт туралы хабарды қайғымен қабылдадық. Бауырлас Қазақстан халқына, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Үкімет пен ынтымағы мол Қазақстан халқының күшімен табиғи апат салдары таяу уақытта еңсерілетініне сенімдіміз», - делінген телеграммда.
Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Тәжікстан үкіметінің атынан қайғыға ортақтасып, мерт болғандардың отбасыларына қолдау көрсететінін жеткізді. Елшіліктегі Көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Мәдибек Жәнібеков