«Бүгін мен сіздер келер алдында арнайы тапсырма бердім. Журналистер, операторлар - барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне президенттің шағын сыйлығы беріледі. Әрбір журналист алады. Ішінде кептірілген жемістер, «торпедо» дейтін қауын және гранат бар. Бола ма? Болады деп ойлаймын. Сіздерге көп рақмет!», - деді Э.Раxмон.
«ҚазАқпарат» агенттігі ТМД басты органы - Президенттер кеңесінің кезекті отырысы алдында бұған дейінгі жиындарға шолу жасап, қабылданған шешімдерді пысықтап шыққан болатын. Ал Ақорданың баспасөз қызметі тарихи маңызы бар фотосуреттерді ұсынды.