Тәжікстан Президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды.