Тәжікстан президентінің қызы тегінен орысша «-овты» алып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстан президентінің қызы Озода Рахмонова әкесінен үлгі алып, орысша «-ов» жұрнағын алып тастап, өз тегін өзгертті.

Президенттің қызы (министрдің орынбасары лауазымында) жұмыс істейтін сыртқы істер министрлігінің сайтында оның тегі енді Рахмон Озода Эмомали деп жазылады.

Тәжікстанда тегін өз ұлтынша жазуға бұдан бұрын республика президенті Эмамоли Рахмон бастамашылық еткен. 2007 жылдан бастап оның тегі орысша «-ов» жалғауынсыз жазылып келеді. Мемлекет басшының ізімен үкімет мүшелері мен парламент депутаттарының көпшілігі өз тектерін өзгертті, деп хабарлайды Росбалт.