Болашақ шаһардың іргесінде ағып жатқан Сайгун өзенімен аттас қала Соғды облысындағы Худжандтан солтүстікке қарай шамамен 10 шақырым жерде 14 мың гектар учаскеде салынуы тиіс екен.
Тәжікстан президенті сайтының мәліметінше, қалада 19 шағын аудан, 50-ге жуық мектеп, 40 спорт кешені, көптеген сауда орталықтары мен базарлар болады. Шөл даланың жеті мың гектары саябақтар мен бақтарға айналмақ, делінген хабарламада.