Бүкіл ел бойынша мерекелік шаралар өтіп жатыр. Душанбенің орталығындағы елдің басты «Дусти» («Достық») алаңында әскери шеру өтті. Алаңмен Душанбе гарнизоны, сонымен қатар Тәжікстандағы 201-ші Ресей әскери базасының әскери қызметшілері, Ауғанстан, Иран, Үндістан мен Франция қарулы күштерінің өкілдері жүріп өтті. Әскери шеруге барлығы 10 мың әскери қызметші қатысты, оның ішінде 650-ден астамы шетелдік әскерилер.
Әскери шеру аяқталғаннан кейін, Ресейдің Энгельс қаласынан бағыт алған екі МИ-8 тікұшағы, үш L-39 ұшағы, бір АН-24, бір АН-2, сонымен қатар екі ТУ-95 бомбалаушы ұшақтары бір қатармен ұшып өтіп, Душанбе қаласының аспанымен өткеннен кейін, орналасқан әуежайларына қайта қайтты.
Содан кейін алаңда 20 мыңнан астам мектеп пен ЖОО оқушылары, сондай-ақ 2 мыңнан астам қаланың түрлі кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмысшылары қатысқан мерекелік қойылым көрсетілді.
Қатысушылар алаңға жалпы салмағы 860 келі болатын ұзындығы - 2011 метр, ені - 7 метр Тәжікстанның мемлекеттік туын алып шықты. Мерекелік шаралар мәресіне жеткеннен кейін бұл Ту республиканың ұлттық мұражайына беріледі, деп хабарлайды CA-News.