Тәжікстан ҰҚШҰ елдерінің қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары арасындағы байланыстарды тереңдетуді жақтайды

None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ҰҚШҰ елдерінің қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары арасындағы байланыстарды тереңдетуді жақтайды. Ол бүгін ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы сессиясында осындай мәлімдеме жасады.

«Тәжікстан әріптестерінің назарын тұтастай алғанда аймақтағы және атап айтқанда Ауғанстандағы қазіргі жағдайға аударды. Біздің бәріміз қазіргі болып жатқан оқиғалар бізден елдеріміздің және халықтарымыздың тыныш өмірін қамтамасыз ету үшін белсенді және кезек күттірмейтін іс-қимылдарды жүзеге асыруды талап етеді», - деді Э.Рахмон.

Тәжікстан Республикасының басшысы өкінішке орай өңірде қауіпсіздікке қауіп-қатерлер азаймай отыр, тіпті ұлғаюы да мүмкін, ал бұл жағдай, сондай-ақ, ҰҚШҰ кеңістігіндегі өсіп отырған лаңкестік белсенділік екіжақты және көпжақты күш-жігерді неғұрлым тиімді ұйлестіруді және Ауғанстанмен шектес мемлекет ретінде Тәжікстанның әскери-шекаралық әлеуетін нығайту, тиімді ақпараттық-консультативтік өзара іс-қимылды жолға қою жөніндегі кезек күттірмейтін шараларды жүзеге асыру қажеттігін талап етеді, деп атап өтті.

«Қазіргі сессия ҰҚШҰ ауқымындағы біздің жұмысымызды жетілдіруге бағытталған бірқатар шараларды белгілеуге мүмкіндік берді. Бұл ұжымдық күштер мен құралдардың жауынгерлік даярлығы мен материалдық-техникалық жарақтануын, олардың ұтқырлығын арттыру, осы мақсатпен бірлескен жаттығулар өткізу, тұрақты ақпарат алмасу және Ұйым әлеуетін нығайту жөніндегі басқа да тұтастай қадамдар кешені. Тәжікстан Республикасы мүше-мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы мәселелеріне елеулі назар аударуды, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары арасындағы кооперациялық байланыстарды тереңдетуді жақтайды», - деді Э.Рахмон.