Тәжікстан ҰҚШҰ төрағалығын Арменияға берді

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Тәжікстан ҰҚШҰ төрағалығын Арменияға берді.

Бүгін Душанбедегі ҰҚШҰ Саммитінің қорытынды конференциясында Тәжікстан Республикасының осы ұйымға төрағалығының қорытындылары шығарылды.

«Мен мұнда өзінің мерзімін атқарған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде сөйлеп тұрмын. Серж Азатович Саргсян, Армения Республикасының Президенті ҰҚШҰ ҰҚК-нің жаңа төрағасы болып сайланды», - деді Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон қорытынды баспасөз мәслихатында.

ТР Президенті ҰШҚҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің бұл жолғы сессиясы қатысушы-мемлекеттердің заманауи халықаралық жағдайлардың өзекті проблемаларына ортақ көзқарас тұрғысынан келуде, олардың сипаты мен әлемдегі және аймақтағы жағдайлардың басты үрдістерін бағалауда өнімді болды.

«Бұл сессияда Тәжікстан Республикасының ҰҚШҰ төрағасы ретіндегі 2015 жылғы қызметі қорытындыланды. Тоғыз айға жуық уақыт ішінде біз Ұймымыздың әлеуетін дамыту және нығайту, оның қызметінің тиімділігі деңгейін арттыруда барыша мүмкін болған күш-жігер жұмсадық. Бұл жұмыс Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің өткен жылғы желтоқсан сессиясының шешімдерін жүзеге асыру жоспары және ҰҚШҰ төрағасы кезеңіндегі біздің мәлімделген басымдықтарымыз ауқымында өтті», - деді Э.Рахмон.

Ол Тәжікстанда Ұйымның Сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің, Қауіпсіздік кеңестері комитеттерінің, Әскери комитетінің отырыстары өткенін еске салды.

«Осында ҰҚШҰ-ның жарғылық органдарының Ауғанстан және лаңкестікпен және экстремизммен күрес мәселелері бойынша жұмыс топтарының кеңестері, қатысушы-мемлекеттердің есірткіге қарсы ведомстволары үйлестіру кеңесінің отырысы, олардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің «Гром-2015» арнайы тактикалық жаттығулары ойдағыдай өтті», - деді Э.Рахмон.