Тәжiк және Қытай қарулы күштерінің өкiлдерi салтанатты рәсiм кезінде бір-біріне ескерткіш сыйлық жасағаны атап өтілуде.
«Іс жүзіндегі рәсім 20 қыркүйекте өткен болатын, бірақ бұл туралы қытайлық БАҚ-тар Қытайдың құрылған күні аталып өтетін 1 қазанға дейін тіс жармады», - деп жазады өз блогында қытайдың Global Times газетінің редакторы Ху Ксиджин.
Қытай мен Тәжікстан осы жылдың қаңтарында талас туғызған даулы аумақты беруге келісті. Қытайдың иелігіне өткен жер Бейжің бастапқыда үміттенген аумақтың 5,5%-ын құрайды.
Сайып келгенде, Қытай аумағы 1 мың 158 шаршы шақырымға ұлғайды. Ал Қытайдың батыс шекарасында орналасқан жердiң бiр бөлiгiн берген Тәжiкстан аумағы 1 пайызға азайды», - деп хабарлайды «Азия-Плюс».