НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәжікстанда екі мыңнан астам қазақ тұрады. Бұл туралы Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің консулы Асылхан Бекбосынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Душанбеде 500 қазақ тұрады. Жалпы Тәжікстандағы жерлестеріміздің саны 2 200 адам», - деді ол.
Осы орайда Асылхан Бекбосынов Тәжікстандағы қазақтардың негізінен қандай кәсіппен айналысатындығын айтып берді.
«Кейбірінің шағын бизнестері бар, мәселен фитнес жаттықтырушы болып жұмыс істейді, университетте оқытушылар да бар. Айталық, Худжан мемлекеттік университетінде оқытушы қазақтар өте көп», - деді ол.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.