Тәжікстанда 20 жыл қаңырап тұрған обсерватория қайта жұмыс істей бастады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанда 20 жыл қаңырап тұрған «Санглох» астрономиялық обсерваториясы қайта жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Бүгін оның салтанатты ашылуы өткізілді. Обсерватория елдің оңтүстігінде Хатлон облысы Дангари ауданында теңіз деңгейінен 2 мың метр биікте орналасқан.

Ол 1977 жылы салынды, алайда 1990-шы жылдардың басында, Тәжікстанда азаматтық соғыс кезінде оның жұмысы тоқтатылған. Ресми мәліметтер бойынша, ел астрономиялық нысанды қалпына келтіру және жаңғыртуға миллион сомани (шамамен 129 мың доллар) жұмсады.

Обсерваторияда жұмыс істеген зерттеушілер 1980-ші жылдары Галилей кометасын зерттеумен айналысты: олар кометаны үнемі бақылап, суретке түсіріп отырды.

Қазіргі уақытта Тәжікстанда үш обсерватория қызмет атқаруда - шамамен 730 метр биіктіктегі «Гиссар», «Санглох» (2300 метр) және Таулы-Бадахшан автономиялық облысының Мургаб ауданындағы «Памир» (4350 метр).

Соңғы жаңалықтар