Тәжікстанда әлемдегі ең биік таулы гидростансалардың бірі іске қосылды
Қуаттылығы 1500 кВт ГЭС шалғайдағы Мургаб ауданының халқын, ведомстволары мен ұйымдарын электр қуатымен толықтай қамтамасыз ететін болады. Елді мекеннің тұрғындары осы күнге дейін электр қуатымен байланысты қиындықтар көріп келген. ГЭС пайдалануға берілгеннен бастап ұзақ жылдар бойғы осы түйткілді мәселе шешімін тапты.
Биік таулы аймақтың орналасуы жағынан «Тәжікстан» гидроэлектр стансасы Непалдағы орналасқан жерінің биіктігі бойынша қуаттылығы бар-жоғы15 кВт кіші гидроэлектр стансасынан кейін екінші орында тұр.