Тәжікстанда автомобиль шетелдік туристерді басып кеткен, 4 адам қаза тапты

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - 29 шілдеде 15:30-да белгісіз жүргізуші Хатлон облысы Дангарин ауданы Себистон джамоаты аумағында 7 адамнан құралған шетелдік велосипедшілер тобын басып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Бұл туралы «Ховар» ТҰАА-ға Тәжікстан Республикасы Ішкі істер министрлігі хабарлаған.

Мәлім болғандай,  салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тауып, тағы бірі Дангарин аудандық ауруханасында көз жұмған.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның тапсырмасы бойынша барлық әлеуетті құрылымдар қылмыскерді ұстауға жұмылдырылды.

Оқиға орнында Бас прокуратура, ІІМ, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметі комитетінен құралған жұмыс тобы құрылып, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Бірінші нұсқа бойынша - бұл жол-көлік оқиғасы. Басқа да нұсқалар қарастырылып жатыр.

Жеңіл жарақат алған үш шетел азаматына медициналық көмек және моральдық-психологиялық қолдау көрсетілді.