Ғылым академиясы геофизикалық қызмет мәліметтері бойынша, магнитудасы 4.0 соңғы дүмпу жергілікті уақыт бойынша бүгін таңертең сағат 07:05-те (Мәскеу уақыты бойынша 06:05-те) тіркелген. Жалпы алғанда Вахдат қаласының Карим-Исмоил, Раджаб-Исмоил, Бозорбой Борунов және Чорсу ауылдарында үш жер асты дүмпуі болып өткен. Олардың барлығының күші Рихтер шкаласы бойынша 4 балдан 5 балға дейін болған, деп айтып өтті сейсмологтар.
Мемлекет басшысы Эмомали Рахмон жағдайды бақылауға алды.