«1997 жылдан бері Тәжікстанда тұрып жатқан босқын мәртебесіне ие Ауғанстан азаматы есірткі контрабандасымен айналысқан. Бұл үшін ол уақытша Душанбеде тұрып жатқан Тәжікстан азаматымен ымыраласқан. Ауғанстаннан есірткі әкелуге оларға ауған контрабандашылары көмектескен», - делінген баспасөз хабарламасында.
Аталған қылмыстық топ контрабандалық жолмен Сайроб шекарасы арқылы Тәжікстан аумағына 70 келіден астам есірткі кіргізген.
«Арнайы операция барысында Душанбе қаласында ауғанстандық босқын басқарған көлік тоқтатылған. Машинада сыбайласы тәжік те бірге болған. Көлікті тінту кезінде 22 келі есірткі - гашиш пен чарс табылды. Қалған елу келі есірткіні арнайы қызметкерлер Сайроб шекара маңынан жасырылған жернен тапты», делінген хабарламада.