Тәжікстанда имамдар еңбекақысы мемлекеттік бюджеттен төленетін болды

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон имам-хатыбтардың жалақысын мемлекеттік бюджеттен төлеу жөнінде ұсыныс тастады.

Бұл жайында muslim.kz сайты Дін істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Мәулен Мұхтаровқа сілтеме жасап хабарлайды.

Төраға орынбасарының айтуынша, Тәжікстандағы комитет аталмыш мәселені қарастырып жатқан көрінеді. Егер ел президентінің бұл ұсынысы қабылданатын болса, осы уақытқа дейін жұрттың пітір-садақасымен ас-суын айырып келген келген имам-хатыбтар мемлекеттің есебінен өмір сүретін болады.