«Қазақстан мен Тәжікстан үкіметтері арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу жер телімдерін өзара беру туралы келісімге Астанада 2010 жылы 24 жылы қол қойылған болатын. Бұл келісім - екі елде дипломатиялық өкілдердің болуы және жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз ететін маңызды құжат. Келісімге сәйкес, тәжік тарапы бізге Қазақстан елшілігінің ғимаратын салу үшін Душанбе қаласындағы И. Сомони даңғылы бірінші дипломатиялық қалашықтағы жалпы алаңы 1 гектар жер учаскесін беретін болады. Жалға беру мерзімі 49 жылды құрайды және жылына 1 сомони мөлшерінде жалдау ақысы төленеді», - деді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
Өз кезеңінде Қазақстан тарапы тепе-теңдік негізінде тәжік жағына Астанада Ш. Қалдаяқов көшесінің оңтүстігінде орналасқан жалпы алаңы бір гектар жер телімін бөледі. Жалға беру мерзімі 49 жылды құрайды және жылдық ақысы 1 теңге.
«Келісімнің үшінші бабына сәйкес, жер учаскелері борыштардан, ауыртпалықтардан және үшінші тұлғалардың құқықтарынан бос түрде беріледі. Құжат 49 жыл бойын қолданыста болады. 2017 жылғы мамырда Астана қаласы әкімдігі аталған учаскеге сегменттеу бойынша жұмысты аяқтап, бүгінгі таңда жер телімі мемлекеттік меншікке өтті», - деп нақтылады министр.