ҚР СІМ баспасөз қызметінің хаюарлауынша, әскерлік келіссөздер нәтижесінде бірқатар қазақстандық компаниялар өз өнімдері үшін тікелей сатып алушыларды тапты. Жасалған келісім-шарттардың жалпы сомасы 4 миллион АҚШ долларынан асты. Алғашқы экспорттық жеткізулер сәуірде басталады деп күтілуде.
Душанбеде Орталық Азиядағы ең ірі «Ашан» гипермаркетін іске қосып жатқан «Шивер-Таджикистан» компаниясы алдында қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін таныстырды.
Делдалдарсыз тікелей өндірістік алаңдардан сатып алу еркі бойынша Қазақстаннан тауарларды тасымалдау, соның ішінде жол-жөнекей және құрама жүктерді де жеткізіп отыру үшін отандық компаниялар 5 көлік компаниясымен келісім-шарт жасасты.