«Бүкіл әлемде көрме және жәрмеңке ұйымдастыру саласы күн сайын дамып жатыр. Оған негізгі ұйымдастыру жұмыстарын орындайтын білікті мамандар қажет», - деді Тәжікстан сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Шариф Саид баспасөз мәслихатында.
«Осыған байланысты Үкіметке елдегі үш білім ошағында - Тәжікстан ұлттық университетінде, Тәжікстан мемлекеттік коммерция университетінде және Тәжікстан қаржы-экономика университетінде көрме, жәрмеңке, конгресстік іс-шаралар, бизнес-форумдар, ВхВ, секциялық кездесулер өткізу және ұйымдастыру негіздері бойынша оқу пәндерін енгізуін сұрағанмын. Соның нәтижесінде сәйкес Қаулы алдық», - деп атап өтті ол.
Есептік кезеңде Сауда-өнеркәсіптік палатасы 27 көрме, оның ішінде Душанбеде 20 көрме өткізілген.
11:08, 19 Шілде 2018
Тәжікстанда көрме және жәрмеңке ұйымдастыру мамандарын дайындайды
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Тәжікстанда жоғары оқу орындарында көрме, жәрмеңке және конгрестік іс-шаралар өткізу және ұйымдастыру негіздері бойынша пән енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ховарға сілтеме жасап.