Бұл дегеніміз, Тәжікстанның әрбір азаматынан тәжік тілін білуді және өз мәтінінен «орыс тілі» деген сөзді толық алып тастауды талап еткен заң күшіне енді деген сөз, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.
Тәжік президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, «қол қойылып отырған заң, ең алдымен адамдардың, заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етуге, елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайды жақсартуға, қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге және мемлекеттік органдардың қызметін күшейтуге, сондай-ақ қоғамдық қатынастар мен құқықтық нормаларды реттеуге және нығайтуға қолдау болады».
Жаңа заң бұған дейінгі заңда болған және әзірге Конституцияда орыс тілі деп аталған «ұлтаралық қатынас тілі» деген ұғымды толық алып тастады. Заң жобасын шілде айында парламенттің қарауына республика президенті енгізген болатын.
Тәжікстанда халық саны 7,5 миллион адамды құрайды. Ең этникалық аз халықтың басым бөлігі - өзбектер, олардың үлесі - 25 пайыз. Ал орыстар мен қырғыздардың үлесі жалпы халық санының тиісінше бір-бірден пайызын құрайды.