Бұл туралы Айқын газеті жазады.
Нақтырақ айтсақ, «Мәжіліс депутаттарын сайлау туралы», «Халық депутаттары жергілікті мәжілістеріне депутаттар сайлау туралы» және «Ауылдар мен елді мекендерде өзін-өзі басқару органдары туралы» заңдарға өзгеріс енгізіледі. Осыған байланысты депутаттардан бастап, қарапайым шенеуніктерге дейін тәжік тілін терең әрі жан-жақты білуге тиіс.
Тәжікстан үкіметі жанындағы Тіл және терминология комитетінің басшысы Додихудо Саймиддиновтің айтуынша, ел Конституциясына, барлық нормативті-құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік тіл - тәжік тілін барлық деңгейде қолдану міндеті көзделген. «Бұл талап - әлемдік парламентаризм тәжірибесінде жаңалық емес» деді Саймиддинов.
Ислам даму партиясының жетекшісі, депутат Мұхиддин Кабири бұл түзетулердің ақылға сыйымды, талқыға салуға жатпайтындығын мәлімдеді.