Тәжікстанда нәрестелерге тек ұлттық сипаттағы есімдер беру туралы заң қабылданбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанда «ұлттық сипаты бар» есімдер тізімі әзірленуде. Енді ата-аналар жаңа туылған сәбилеріне осындай есім қоюлары керек, деп хабарланған «Нұр Астана» мешіті сайтында.

Аталған тізімде 3 мыңға жуық тәжік есімдері бар. Халық бұл талапты орындауға Азаматтық жағдайды мемлекеттік тіркеу актілері туралы заң жобасы мақұлданғаннан кейін көшеді. Қазіргі уақытта жаңа туған сәбилерді тіркеу кезінде АХАЖ қызметкерлері ата-аналарға ұлттық есімдер брошюрасын ұсынуда. Әзірге ұсыныс ретінде қолданысқа енген бастама заң жобасына қол қойылған күннен бастап өз күшіне ие болады.