Тәжікстанда «Орталық Азиядағы үй озбырлығы мәселелері. Қарсы әрекет тетіктері» деп аталатын аймақтық жиын өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Душанбеде 2 күндік «Орталық Азиядағы үй озбырлығы мәселелері. Қарсы әрекет тетіктері» деп аталатын аймақтық дөңгелек үстел мәжілісі өтіп жатыр.

Оған Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің үкімет мүшелері, құқық қорғау органдары, Парламент депутаттары, соттар, дін қайраткерлері және Тәжікстанда тіркелген қоғамдық және халықаралық ұйым өкілдері қатысуда.

«Соғыс және бейбітшілік инстититуты (ІWPR) бұл шараны Тәжікстан Үкіметі жанындағы Әйелдер ісі комитетімен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Ол Еурокомиссияның «Орталық Азияда адам құқын және құқық қорғау білімін БАҚ арқылы қорғау» жобасының аясында жүзеге асырылуда. Дөңгелек үстел мәжілісі кезінде «Орталық Азия әйелдері. Үй озбырлығы, көші-қон, кедейшілік» деп аталатын фотокөрме ұйымдастырылуда. Оған бұған дейін жарияланып, қорытындысы шыққан арнайы байқаудан іріктеліп алынған 46 фотосурет қойылып отыр. Олардың арасында Дэвид Триллинг, Рустам Юлдашев, Зарина Хушвакт, Валерий Калиев, Алмаз Калет жеке авторлардың туындысы бар. Көрмеге сондай-ақ, БҰҰ-ның халықтың қоныстануы (UNFPA) жобасы аясында жасалған және Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамы, RFE/RL, Stan-TV мен IWPR-Орталық Азияның жеке мұрағатындағы өзге де суреттер қойылып отыр», - дейді IWPR-дың Тәжікстандағы жобалар үйлестірушісі Лола Олимова.