Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, құқық қорғау органдары «тәжік мәдениетіне сәйкес келмейтін құндылықтармен» күрес барысында осындай шараларды қолға алған.
Тәжікстанның милиция қызметкерлері жүз мыңға жуық сақалды адамдарды ұстаған. Олардың аты-жөнін анықтап, саусақтарының ізін алған соң сақалдарын күшпен қырып тастаған.
«Жат құндылықтардан арылыңдар! Дәстүрлі үлгімен тігілген киім киіңдер, тәжік әйелі үшін қара түс қаралы күйдің белгісі», - деп атап өткен мемлекет басшысы Эмомали Рахмон.