Ұсталған Махмадали Давлатшоев өзін Ресей Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес федералдық комитетінің Хатлон облысы бойынша генерал-майорымын» деп таныстырған, тиісті куәлігі де болған. Ол Хатлон облысының қыстақтарын аралап, «сыйақыға» жер учаскесін бөлу проблемасын шешіп беретінін айтқан», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Бұл ретте «генерал» мәселені шешкені үшін 3 мың доллардан 20 мың долларға дейін алған.
- Давлатшоев тәжік ауылдарының тұрғындарынан алаяқтықпен 80 мың доллар жинаған, деп атап өткен Тәжікстан ІІМ.
Давлатшоев тұтқынға алынды, оған ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды.