Тәжікстанда соңғы тәулікте бірде-бір адам COVID-19 жұқтырмаған

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы тәулікте Тәжікстанда COVID-19 коронавирусын жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат «Ховар» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжікстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 4 қаңтар күнгі мәлімет бойынша елде коронавирус жұқтырған 13 300 адам бар. Оның ішінде 13 018 адам немесе 97,8%-ы осы күнге дейін жазылып кеткен. Сонымен қатар, осы дерт салдарынан 90 адам қаза тапқан.

Ал аурудың жеңіл белгілері бар тағы 192 адам үйде дәрігерлердің бақылауымен амбулаториялық жағдайда ем алып жатыр.