Тәжікстанда тербелісі 4,8 жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 5 тамызда Алматы уақытымен 05 сағат 42 минут 14 секундта (Гринвич бойынша 2016 жылғы 4 тамызда 23 сағат 42 минут 14 секундта) Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 578 шақырым қашықтықта Тәжікстан аумағында жер сілкінісі тіркелді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 578 шақырым қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.7. MPV тербелісі  - 4,8. Ошағының координаттары 39.04° с.е. 72.77° ш.б. Тереңдігі - 20 шақырым. Сезілуі туралы (МSК-64 бағаны бойынша) мәліметтер жоқ», - делінген «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансалары желісінің хабарламасында.