деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне астаналық сейсмостансының кезекшісі.
Оның мәліметтеріне қарағанда, жерасты дүмпуінің кіндігі республика астанасы - Душанбеден оңтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде, Памир тауларында болған. Душанбеде дүмпу күші 12 баллдық бағанмен 2 баллды құраған.
Төтенше жағдайлар комитеті кезекшісінің хабарлауынша, құрбан болғандар мен қиратулар туралы мәліметтер түспеген.
Бұл басталған жылғы алғашқы жер сілкінісі. Әдетте Тәжікстанда жылына 200-ге дейін жерасты дүмпулері болады.