АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Тәжікстанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генералын өлтіріп кетті. ИТАР-ТАСС агенттігінің ақпаратына қарағанда, бұл фактіні тәжіктің арнайы қызмет бастығының орынбасары Мансурджон Умаров растаған.
Оның айтуынша, оқиға кеше кешкісін Таулы-Бадахшан автономиялы округының Хорога қаласында орын алған. Ишкашим ауданы орталығынан қызметтік көлікпен қайтып келе жатқан генаралға жолда белгісіз адамдар шабуыл жасаған. Көлікті тоқтатқан олар генералды сыртқа алып шығып соққының астына алған. Ауыр жарақаттан шенеунік көз жұмған.
Умаровтың сөзіне қарағанда, жедел-тергеу бригадасы құрылып, «Тосқауыл» жоспары жарияланған.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.