Тәжікстанда жаңа оқу жылын 1 тамызға ауыстыруды ұсынуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанда оқу жылын әдеттегіден бір ай бұрын - 1 тамызға ауыстыруды ұсынуда, деп хабарлады Тәжік телеграф агенттігі сәрсенбі күні.

«Тәжікстан білім және ғылым министрлігіне қарасты Білім беруді дамыту институты оқушылардың жаңа оқу жылын 1 қыркүйектен 1 тамызға ауыстыруды ұсынды. Бұл бастама білім министрлігінде талқылануда. Қазіргі таңда аталмыш мәселені қарастырып жатыр», - деп растады ақпаратты ТР білім және ғылым министрлігі.

Айта кетейік, бұл бастама Тәжікстан президентінің орта мектептердегі оқу жүйесіне өзгеріс енгізу туралы ұсынысынан кейін пайда болды.