Тәжікстанда жер сілкінді

None
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Тәжікстанда Рихтер бағамы бойынша 6,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады Utro.ru сайты.

АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінің ақпараты бойынша, зілзала кіндігі Хорог қаласының солтүстік-шығысына қарай 147 шақырым жерде болған. Жер сілкінісінің ошағы 89,6 шақырым тереңдікте тіркеліп отыр. Қираулар мен құрбан болғандар туралы әзірге ақпарат жоқ.