Тәжікстандық есірткі тасымалдаушы 15,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді - ШҚО
Ол үлкен мөлшерде есірткіні өткізгені үшін мүлкі тәркіленіп, қатаң режимдегі түзеу колониясына 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, 2010 жылдың маусым айында Тәжікстанның екі азаматы сыйақыға Қырғызстан және Қазақстан арқылы ресейлік Новокузнецк қаласына есірткі тасымалдауға келіскен.
Бустон ауылында олар тергеумен анықталмаған тұлғадан салмағы 1552,00 грамм героин мен жол шығынына арналған 500 АҚШ долларын алған. Қалған сыйақы бөлігі - 2500 АҚШ долларын олар Новокузнецкіде героин қабылдап алатын адамнан алуға тиісті болды.
Олар үш жұп аяқ киімдері ұлтарақтарының астына жасырып, ішіне героин салынған алты пакетті салды. Жасыру үшін әрқайсысы бір жұп аяқ киімнен киіп алып, үшіншіcін жеке заттары бар сөмкеге салды. Содан кейін олар Тәжікстан мен Қырғызстан шекараларынан сәтті өтіп, ол жерден басқа көлікпен кеденнен өтіп, героинді Қазақстан аумағына заңсыз өткізді.
Шығыс Қазақстанның «Ауыл» кеден қосынында, қызметтік-іздеу итінің көмегімен кедендік тексеру кезінде олардан героин салынған пакеттер анықталып, алынды.
Қазіргі кезде айыптау үкімі заңдық күшіне енді.