Жедел қызметкерлер Душанбеден Мәскеуге белгіленіп қойған жерден героиннің үлкен партиясын алып, оны өлшеп орауға және Мәскеу аймағында бөлшектеп сатып алушыларға сатып жіберуге тиісті этникалық қылмыстық топтың мүшесі келетіні туралы білді. Оған тәулік бойы бақылау орнатылған, деп хабарлады ТАСС агенттігіне Мәскеу қаласы бойынша есірткі айналымын бақылау басқармасының баспасөз қызметінен.
«Ол героин салынған «Опель-Зафира» көлігін мініп кеткен соң ұсталды. Көліктік құралды тексеру кезінде оның артқы орындығынан алма салынған жәшіктердің астында есірткі анықталды. Есірткі көлік салонының қаптамасындағы жасырын жерлерден де табылды. Алынған героиннің жалпы салмағы 70 келіге жуық болған», - деп айтып берді РФ Есірткі айналымына бақылау жасау бойынша Мәскеудегі басқармасының баспасөз қызметінен.
Қара базарда алынған заттың бағасы шамамен 200 миллион рубльді құрайды.
Ұсталған азаматқа қатысты «Есірткіні заңсыз саудалау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Есірткі курьеріне өмірінің соңына дейін түрмеге қамалу түріндегі жаза берілуі мүмкін.