«Өндірісті жақсарту және қаланы қантпен қамтамасыз ету үшін форвардтық механизм арқылы Меркі қант зауытымен 2023 жылға 3,5 мың тонна көлемінде несиелік келісімшарт жасалды. Сонымен қатар, жаңа тәсілдің бірі – импортталған көкөністерді сатып алу қарастырылған», - деді ол қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Қалада пияз тапшылығы болмау үшін тәжікстандық компаниямен келісім жасалған.
«Мысалы, Тәжікстан Республикасына жасалған іссапар қорытындысы бойынша, «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «Тәжікагропром» компаниясы арасында 1 200 тонна пияз жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды. Алғашқы жеткізілім мамыр айында – 500 тонна, маусым айында 500 тонна және шілде айында 200 тонна көкөніс жеткізіледі», - деді Мақсат Жаңабаев.