АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Сауықтыру шаралары аясында Астана аумағындағы саяжайларды тексеру кезінде көші-қон карточкалары мен уақытша тіркеу парақтарын қолдан жасады деген күдікпен Тәжікстанның 3 азаматы анықталды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Астана қаласы ІІД Көші- қон басқармасының бастығы Құсайын Сандыбаев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құжаттарды қолдан жасағаны сараптамалық жұмыс барысында дәлелденсе, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалады»,-деді ол.
Қ. Сандыбаевтың сөзіне қарағанда, аталған азаматтардан елордадан кетпеу туралы қолхат алынды.
Басқарма бастығының айтуынша, жалпы жыл басынан бері саяжайлар аумағында 8 қылмыс жасалған. Оның екеуі еліміздің басқа облыстарынан келген азаматтарға қатысты, сондай-ақ біреуі анашамен ұсталған Ресей азаматы.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.