Тәжікстанның бірінші президенті қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанның бірінші президенті Каххор Махкамов 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Дәрігерлердің мәліметтерінше, ол ұзақ уақытқа созылған дерттен көз жұмды. Махкамов Тәжікстан парламентінің өмір бойы мүшесі болған.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Тәжікстан Республикасы бірінші президентін жерлеу рәсімі 9 маусымда өтеді.

Тәжікстан КСР Жоғарғы Кеңесі Каххор Махкамовты 1990 жылдың қазан айында, елде президенттік институты енгізілген шақта президент болып сайланды. 1991 жылдың қарашасында бүкілхалықтық дауыс беру барысында ел президенті болып Рахмон Нәбиев сайланды. 80-ші жылдары Махкамов Тәжікстан КСР министрлер кеңесінің төрағасы және республика Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінде болды.