Душанбе қаласының мэрі Рустам Эмомали осындай өкім шығарды. Салалық мекемелерге меншік түріне қарамастан, қаладағы барлық кәсіпорындарға панельдерді орнатуды қамтамасыз ету тапсырылды.
Бұған дейін астана билігі барлық жаңа көпқабатты ғимараттарға, университеттерге және білім беру мекемелеріне күн батареяларын орнатуды міндеттеген болатын. 2024 жылдың сәуірінен бастап осындай 1530 жобаға сараптама жасалды.
Қазір Тәжікстанда Күн энергиясын өндіру дамып келеді. Үкімет жалпы қуаты 500 МВт болатын екі күн электр станциясын салуға арналған инвестициялық келісімге қол қойды. Олар Соғды облысының Ашт ауданында және Хатлон облысының Джейхун ауданында салынбақ.
Тәжікстанның 2023–2037 жылдарға арналған «Жасыл экономиканы дамыту стратегиясын» іске асыру аясында үкімет жаңартылатын энергия көздерінің қуатын 10 мың МВт-қа дейін арттырып, 2037 жылға қарай таза, шығарындысыз электр энергиясын өндіруге толық көшуді көздеп отыр.
Бұған дейін Тәжікстан мен Қытай Памир таулары арқылы өтетін халықаралық цифрлық дәлізді іске қосқаны хабарланған болатын.