Тәжікстан аумағында жер сілкінді
09:32, 11 Қараша 2023
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі таңғы сағат 7:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Kazinform.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 836 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,0.
Магнитудасы MPV 5.0.
Жер сілкінісінің координаттары – 38,35° с.е. 69,33°ш.б.
Тереңдігі – 15 шақырым.
MSK-64 шкаласы бойынша Қазақстан аумағында сезілген жоқ.