Тәжікстан аумағында жер сілкінді

Фото: Фото: images1.ynet.co.il.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін сағат 16:01-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Kazinform.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 663 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,4. Магнитудасы MPV 5.2. Жер сілкінісінің координаттары – 38,62° с.е. 71,86° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. MSK-64 шкаласы бойынша Қазақстан аумағында сезілген жоқ.